Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ЕСТУШІ МЕМЛЕКЕТ" БАСШЫСЫ Қ.ТОҚАЕВҚА

Сіз президент қызметіне кіріскенде, жемқорлық жай ған қылмыс емес, Қазақстанның мемлекеттігіне қауіп төндіретіні туралы айтқаныңызда, қоғамда, "жемқорлықпен күрес нақты шешімін табады ғой", деген үміт пайда болған еді...

Өкінішке орай, бір жарым жыл уақыт өтсе де бұл салада ешқандай өзгерістің болмауы, халықтың алаңдаушылығын наразылыққа айналдырды.

Жемқорлық азаюдың орнына, қазына тонау биліктегілердің арасында сәнге айналған сияқты. Қазір қазына тонаушылар миллионды көзге ілуді қойып, жүздеген миллиардтарды ашық талан-таражға салуға көшті.

Сіз анда-санда, "жемқорлықты жою керек", деп айтып қойса жемқорлық "өзі жойылады", деп ойлайсыз ба, әлде бұл халықтың наразылығын басу үшін айтылған көзбояушылық па?!

Мүмкін сіздің өзіңіз миллиардерлер қатарына қосылғыңыз келіп жүрген щығыр?!

Жемқорлықпен күресу үшін құрылған Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "жұмысы" ешқандай нәтиже бермейтініне көзіңіз жететін уақыт болды. Неге жемқорлықты 1,5 жыл ішінде ауыздықтау жобасын ұсынып отырған "Азаматтық қоғам орталығы" Қоғамдық бірлестігінің ұсынысын қабыл алмайсыз?!

"Естуші мемлекет" деген концепцияңыз да жайына қалды!

Қазақстанға көзбояушы басшы емес, мемлекетті нығайтып, халықтың жағдайын 30 жылдан кейін емес, бүгін жақсартатын басшы керек! Бұл қолдан келмесе, орныңызды босатыңыз!

"Оян, Ұлы Елдің Ұрпағы!" Ұлттық қозғалысы 25.08.2020 ж.

0
0
318

Еще по теме

"ЕСТУШІ МЕМЛЕКЕТ" БАСШЫСЫ Қ.ТОҚАЕВҚА - Yvision.kz