Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕСКЕКТІ ҚАЙЫҚ-МАЙ АУДАНЫНДА!

Ертіс күні мен Қазақстан Республикасының 25 жылдығына орай өткізіліп жатқан іс-шаралардың бірі ескекті қайық старты Лебъяжі ауылының Ақку ауылынан бастау алып, 27 шілдеде аудан орталығы Көктөбе ауылының орталық жағажайына ат басын тіреді. Іс-шараға жас ғалымдар, Павлодар мен Қарағанды облысының зауыт жұмысшылары қатысты. Олардың көздеген мақсаты – Ертіс өзеніндегі спорттық туризімді дамыту, отан-сүйгішті, салауатты өмір салтын және табиғатты аялауды насихаттау.
Қатысушыларға арнап, аудандық мәдениет үйі және аудандық ішкі саясат бөлімінің «Армандастар» жастар орталығының ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама қойылып, «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің   флешмоб биі ұсынылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Р.Айдарханова және аудандық мәслихат депутаты, «Майталман» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қ.Ботабаев баршаны мерекемен құттықтап, сәт-сапар тіледі. Концерт соңында «Армандастар» жастар орталығының ұйымдастыруымен қатысушыларға ақ дастархан жайылды. Осындай рухтағы іс-шаралар өңірімізде тұрақты түрде өткізіліп тұрса, жастардың табиғатты, қоршаған ортаны аялау сезімін туғызатындығы сөзсіз.

0
0
636

Еще по теме

ЕСКЕКТІ ҚАЙЫҚ-МАЙ АУДАНЫНДА! - Yvision.kz