"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" ШАРАСЫ
Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қ.Тоқаевтың аудандық штабының жетекшісі И.Құрмашев "Есіктен есікке" шарасы шеңберінде Бисен ауылының тұрғыны, партия және еңбек ардагері 87 жастағы Сариева Нәшу әженің үйінде болып, аман-саулығын сұрап, ҚР Президенттікке үміткер Қ.Тоқаевтың бағдарламасымен таныстырды. Өз кезегінде сөз алған әженің қазіргі кезде заманның жақсарғанын, ауданның жақсарып келе жатқанын айта келе елдің тыныштығы мен тұрақтылығынан басқа қажеті жоқ екендігін айтып, бата-тілегін білдірді.
