"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫНА ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНДІ АТ САЛЫСУДА
Бүгін, Шыңғырлау ауданында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер - Мадияр Байжанов “Есіктен есікке” акциясы аясында ауданда орналасқан шағын бизнес нысандары - «Аружан», «Бәйтерек» азық-түлік дүкендерінде және «Таза су» сауда кешенінде, «Талап» дәріханасында болып, жергілікті халықпен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты сайлау науқанында тұрғындармен бетпе-бет кездесіп, халықтың жеткілікті ақпараттандырылуына үлес қосу. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырып, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға шақырып, партияға дауыс беруге шақырды.
Үгіт-насихат материалдарымен келген үміткерге жергілікті тұрғындар өз сұрақтар қоя бастады. Оның ішінде аталмыш кәсіп саласының жетекшілері де бар. Ауыл халқы өз кезегінде кәсіпкерлік қолдаулар және зейнеткерлік қор туралы сұрақтарын қойып, үміткерден жауап алды.
