"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Есіктен-есікке акциясы аясында Түлкібас ауданы "Құлан" ауылының тұрғындарымен "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының маңызды бағыттарын түсіндіру мақсатында кездесу жалғасын табуда. Аудан мәслихаты депутаттығына үміткер Д. Абишев ауыл азаматтарымен кезекті кездесуін өткізіп, ауданның "Nur Otan" партиясының 2021-2023 ж бағдарламасымен таныстырып, негізгі 7 бағытына нақты тоқталды.
Ауыл азаматтарын толғандырып жүрген көптеген мәселелер осы бағдарлама бағытында көрсетілгенін айтып өтті.
Сонымен қатар партияның игі атқарған істері баяндалды. Кездесу соңында еліміздің жарқын болашағы көшбасшысы "Nur Otan" партиясына қолдау жасап, дауыс беруге шақырды.
Берілген сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар тыңдалды. Кездесушілер партияны қолдайтындары туралы ниеттерін білдірді.
