«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Түркістан облысы, Созақ ауданы «Nur Otan» партиясы атынан үміткер Смайлов Нұрлан Рысбайұлы "Есіктен есікке" акциясы аясында аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы қарапайым еңбеккерлерінің шаңырағында болды. Атап айтқанда ауыз су саласында талай жылдар еңбек еткен Әсекеев Балташтың үйіне барып, Еңбек ардагеріне Партия тұғырнамасындағы ауылдарды қолдау, оның ішінде ауыл азаматтарын жұмыспен және тұрғын үймен қамту, ауыл тұрғындарының бизнес-идеяларын іске асыруларына жан-жақты жәрдемдесу көзделіп отырғаны жөнінде айтылды. Ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларға қолдау көрсету Партияның ұдайы назарында екені жеткізілді.
Қуатты мемлекет пен тең мүмкіндіктер қоғамын құруды басты мақсаты етіп отырған Партия - «Nur Otan-ға» қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.
#Nur_Otanga_dauys_ber
#BizBirgemiz
#МеніңТаңдауым_NurOtan
#Jenimpazbol
#NurOtanSozaq
