"ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Алихан Декартұлы мен Алтынбек Серікқалиұлы сенімді өкілдерімен бірге Мұқыр ауылына барып, тұрғындармен жүздесті. Тұрғындардың түйткілдерін түртіп алды және мінбелерде мәселе ретінде көтеруге уәде етті. Сөз соңында "Nur Otan" партиясымен бірге болуға шақырды. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарымен жолға шыққан кандидаттар сапардан сәтті оралды.
