Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Созақ аудандық «Nur Otan» партиясынан үміткер Баймұсаев Бақдаулет Құрмашұлы “Есіктен есікке" акциясы аясында аудан тұрғындарымен кездесу өткізіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Партиямыздың алдағы 5 жылға арналған 7 басты басымдықтан тұратын бағдарламасын таныстырды. «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайтындығын, осы бағытта жұмыстарды іске асыру жалғасын табатындығын айтты. Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға, сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізетіндіктерін атап өтті. Ауыл тұрғындарына Республика, облыс, аудан көлемінде жасалған «Nur Otan» партиясының бағдарламалық кітапшаларын, үгіт-насихат метериалдарын табыстады. Алдағы 2021 жылдың 10 қаңтар күні өткізілетін сайлауға қатысып, саяси көшбасшы партия, еліміздің өркендеп дамуына үлес қосып келе жатқан “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды. Біз партиямен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенеміз деген тілек білдірді сайлаушылар.

Еще по теме