«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
"Nur Otan" партиясы Созақ аудандық филиалынан мәслихат депутаттығына үміткер Төлепбергенов Жеңісәлі Бақытжанұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғын үйлерді аралап, сайлаушылармен жүзбе-жүз кездесті.Тұрғындармен кездесу барысында партияның 5 жылға бекіткен сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы тарата айтып, тұрғындарға үгіт-насихат материалдарын таратты. «Партия бағдарламасы орындалса, қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсара түседі» - деді Елбасы, тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы айтқандай, партияның бағдарламасы жаңа мүмкіндіктер береді, халықтың әл-ауқатын арттыруға,елімізді дамытуға нақты жұмыстар атқарылады.Ауыл тұрғындарын 2021 жылдың қаңтар айының 10 күні өтетін сайлауда«Nur Otan» партиясына қолдау білдіріп, дауыс беруге шақырды. Тұрғындар өз кезектерінде еліміздегі пандемияға байланысты қиын-қыстау кезде халық жанынан табыла білген, көмек қолын созған партияға алғыс білдіріп, саяси науқаннан шет қалмайтындарын жеткізді.
#jenimpazbol
#jeniskejet
#nurotan
#jasotan
#jastar
#tanday2021
#nurotanmenbirge
