Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЕСІКТЕН - ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Аудан жастары 2021 жылдың 10 қаңтары күні өтетін еліміздегі саяси додада бұқараның базынасын билікке жеткізетін «Nur Otan» партиясының жеңіске жететініне сенеді. Себебі жастар партияның бастамасымен қолға алынып жатқан жұмыстарға, соның ішінде, жастардың білім алулары мен кәсіпкерлік, агроөнеркәсіп салаларында табысты болулары үшін жасалып жатқан қамқорлықтардың жалғасын тапқанын қалайды.

Сол үшін де олар партияның үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге белсенді атсалысуда. Осы бағытта «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалы жанынан құрылған «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері «Есіктен - есікке» акциясы аясында аудан орталығындағы халық жиі жүретін жерлерде, базарлар мен сауда орындарында партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды үнпарақшалар арқылы жұртқа таратып, мемлекеттік қамқорлықтар мен әлеуметтің әлеуетін арттыруға арналған бағдарламаларды түсіндіріп, тұрғындарды «Nur Otan» партиясын қолдауға шақыру жұмыстарын жүргізді.

Еще по теме

«ЕСІКТЕН - ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА - Yvision.kz