«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Сайлаушылардың үйлеріне барып үгіт-насихат жұмыстарын түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалы сайлауалды штабының бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Меруерт Даубаева бүгін «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында ардагер энергетик Сырым Жүсіповтың үйінде болды. Сайлауалды бағдарламамен таныстырып, тарихи шежіреден сыр шертісті.
Еркіндіктің таңы атқалы тәуелсіз елдің уығын Елбасы басқаратын партиямен бірге қадасқан, дамудың бейбіт жолына түскен елдегі саяси, діни тұрақтылықты көзімен көріп келе жатқан еңбек ардагері «Nur Otan»-дықтарға қолдау білдіретінін айтты.
Елмен етене араласып, тұрғындардың үйіне немесе жұмыс орнына үгіт-насихат жұмыстарымен барған үміткерлердің іс-әрекеттері бас партияға деген сайлаушылардың оң көзқарасын қалыптастыратыны сөзсіз.
