«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Бақдәулет Махашев, Мағжан Ералиев және Нұридин Амитов, қалалық мәслихат депуттағына кандидаттар Жанат Мылтықбайқызы, Әнуар Нақып және Ниязбек Нұржігіт бастаған топ үй-үйді аралады.
Ел азаматтары халықтың әл-ауқатын көріп, тұрғындардың жағдайымен танысты.
Сонымен қатар, алдағы партиялық сайлауға байланысты «Nur Otan» партиясы тарапынан жасап жатқан жұмыстарды атап, сайлауалды бағдарламаға тоқталды.
Акция барысында үй тұрғыны Шеримбетов Раимхан мен Сейітова Ақманат партия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға өз алғыстарын жеткізіп, сәттілік тіледі.
