"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ: СІЗДІҢ ДАУСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ
"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ: СІЗДІҢ ДАУСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ
Еліміздегі жетекші саяси күш - "Nur Otan" партиясынан Бәйдібек аудандық мәслихатына үміткер ретінде аудан халқымен "Есіктен есікке" акциясын өткіздім. 2025 жылға дейінгі уақытта саяси-экономикалық дамуымыз үшін өте маңызды болып табылатын саяси дода - келе жатқан сайлауда дұрыс таңдау жасау әрбір қазақстандық үшін маңызды екенін түсіндіріп өз отандастарымды азаматтық позиция танытуға, қоғамдық белсенділкті арттыруға және жетекші партияға дауыс беруге шақырдым. Үгіт-насихат материалдарын ұсындым. Сайлаушылар да өз тарапынан ауданның, өңіріміздің, республикамыздың дамуы үшін шешімін табуы тиіс ұсыныс пікілерін жеткізді, дұрыс таңдау жасалатындығына сендірді.
#nurotan #bizbirgemiz #jenimpazbol #Baidibek
