«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ШАЛҒАЙДАҒЫ ШУ АУЫЛЫНДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ
Түркістан облысы, Созақ ауданы «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Олжас Төлепбергенұлы және Жеңісәлі Тулепбергенов ауданымыздағы ең шалғай ауылдардың бірі Шу ауылына барды.
Акция аясында Шу ауылдық Ардагерлер кеңесінің төрағасы, мемлекеттік қызмет ардагері Бейсенбі Дастановпен кездесті. Кездесуде Партия тұғырнамасындағы ауылдарды қолдау, оның ішінде ауыл жастарын жұмыспен және тұрғын үймен қамту, ауыл жастарының бизнес-идеяларын іске асыруларына жан-жақты жәрдемдесу көзделіп отырғанын айтты. Ардагерлерге, зейнеткерлерге қамқорлық жасау, оларға қолдау көрсету Партияның ұдайы назарында екенін жеткізді.
Қуатты мемлекет пен тең мүмкіндіктер қоғамын құруды басты мақсаты етіп отырған Партия - «Nur Otan-ға» қолдау көрсетіп, дауыс беруге шақырды.
#Nur_Otanga_dauys_ber
#BizBirgemiz
#МеніңТаңдауым_NurOtan
#Jenimpazbol
#NurOtanSozaq
#SozakJastary
