Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ: ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ

Еліміздегі жетекші саяси күш - "Nur Otan" партиясынан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне кандидат Хайрулла Қожабаев аудан орталығы Шолаққорған ауылында "Есіктен есікке" акциясын өткізді. 2025 жылға дейінгі уақытта саяси-экономикалық дамуымыз үшін өте маңызды болып табылатын саяси дода - келе жатқан сайлауда дұрыс таңдау жасау әрбір қазақстандық үшін маңызды екенін түсіндірген Х.Қожабаев өз отандастарын азаматтық позиция танытуға, қоғамдық белсенділкті арттыруға және жекекші партияға дауыс беруге үндеді, үгіт-насихат материалдарын ұсынды. Сайлаушылар да өз тарапынан ауданның, өңіріміздің, республикамыздың дамуы үшін шешімін табуы тиіс ұсыныс пікілерін жеткізді, дұрыс таңдау жасалатындығына сендірді.

0
0
100

Еще по теме

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ: ӘРБІР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ - Yvision.kz