Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ" ЕЛТАЙ АУЫЛЫНДА

Партия Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, биылғы үгіт-насихат жұмыстары «жанды» форматта сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда. Кандидаттарға 20/80 формуласын ұстану тапсырылғандықтан биыл партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80% басымдылық берілетін болады. Осы мақсатта бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Меңлібеков Айтбек Нарынбайұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында Елтай ауылын үйме-үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Халық «Nur Otan» фракциясының мүшесін жылы лебізімен қабылдап, шағын ауыл бойынша түйткілді мәселелермен бөлісті. Түлкібас аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Айтбек Нарынбайұлы 1955 жылы Алғабас ауылында туылған. 2000 жылдан бастап қазіргі күнге дейін «Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-ның директоры қызметін атқаруда. 2020 жылғы 1- ші қыркүйектегі ҚР Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын қолдай отырып, ел ішінде насихат, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, партияның абыройын көтеру мақсатында жұмыс жасайтындығын алға тартты.

Еще по теме

"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ" ЕЛТАЙ АУЫЛЫНДА - Yvision.kz