«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ
«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Асылбек «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Отырар ауыл округінің тұрғындарымен кездесті. Басқосу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басымдықтары, атқарылған жұмыстардың барысы мен атқарылар істердің жоспары талқыланды.
Тұрғындардың сұрақтарына жауап берген үміткер сайлау науқанында «Nur Otan» партиясына қолдау білдіруге шақырды.
