«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА
"Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Декартович және А.Ермекқалиев "Есіктен есікке" акциясы аясында Жаңақала ауданы, Мастексай ауылының тұрғындарына арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт-насихат жұмыстары аясында тұрғындар тарапынан ұсыныс-тілектер айтылып, партияның саясатын қолдайтындарын, сайлауда өз таңдауларын жасайтындықтарын білдірді.
#NurOtan #Bizbirgemiz #JenimpazBol #tanday2021
