«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ АУЫЛДАРДА ЖАЛҒАСУДА
Бүгін Шардара ауданы бойынша «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ел ішінде кездесулер ұйымдастырды. Кандидаттар «Есіктен-есікке» шарасы бойынша ауылдық округтерде тұрғындармен дидарласып, оларды сайлау кезінде «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Сайлаушылар да өз кезектерінде өтініштерін айтып, кандидаттарға ізгі тілектер білдірді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
