Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ АУЫЛ ХАЛҚЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Бүгін, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Исетай Габдуллин және Бөкей ордасы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер – Лариса Қайырғалиева мен Бибігүл Жұмагұлова «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы шеңберінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Акция аясында ауыл тұрғындарының үйлерін аралап, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Үгіт-насихат жұмыстары кезінде үміткерлер өздерінің сұрақ-ұсыныстарын жеткізген ауыл тұрғындарының мәселеріне құлақ түріп, өздерінің шешім-кеңестерін жеткізді.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға келуге үгіттеп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
104

Еще по теме