Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ – АШЫҚ ПІКІРЛЕРДІ ТОПТАСТЫРАДЫ

Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірге айналған «Nur Otan» партиасынан ұсынылған Парламент мәжілісі мен облыстық, жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттығына үміткерлер жер-жерлерде сайлаушылармен кездесуде.

Сондай кездесулердің бірін Мақтаарал аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Бақытжан Жұманов пен Айгүл Ахментаева өткізді. «Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес қос үміткер «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Жамбыл ауылдық округінде болды. Акцияны партия ардагері Сапаралы Тусекеевтің шаңырағынан бастаған қос кандидат кәсіпкер Күләш Құрманәлиеваның, ардагер ұстаз Құралбек Сыдықовтың үйлерінде болды.

Кездесу барысында тәуелсіз Қазақстанның кешегісі мен бүгіні сөз болып, болашағына болжам жасалды. Халықтың жағдайын жақсартып қана қоймай, әлеуметтік тұрғыдан да дамытуды көздейтін партияның сайлауалды бағдарламасына жоғары баға берілді.

Үміткерлер тұрғындарды 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.

0
0
103

Еще по теме

«ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ – АШЫҚ ПІКІРЛЕРДІ ТОПТАСТЫРАДЫ - Yvision.kz