ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
«Nur Otan» партиясы Мұнайлы аудандық филиалының бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Мұнайлы аудандық маслихаты депутаттығына үміткерлер Біләлов Берік Жарылғапұлы, Бимембетова Гүлфайруз Асанқызы, Жанжігітова Мадина Докдырбайқызы «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Мұнайлы ауданы, Батыр ауылы тұрғындарымен кездесті.
Олар "Nur Otan" партиясының бүгінгі күнге дейін атқарған жұмыстары мен жеткен жетістіктерін айтып өтті. Партияның алға қойған 7 бағытын тілге тиек етіп, оның пайдалы тұстарын шегелеп берді. Партия Төрағасы, Елбасы-Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаевтың, Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың салиқалы саясатын дұрыс қабылдап, қолдау көрсетуге үндеді. Сонымен қатар 10 қаңтарда өтетін сайлауда барынша белсенді болуға, "Nur Otan" партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге үндеді.
