“ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" акциясы
2020 жылдың 30 желтоқсан күні "Nur Otan" Партиясы Төлеби аудандық филиалының жүйелі кестесіне сәйкес, партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Төлеби аудандық маслихат депутаттығына үміткер Өмірәлі Бердіғали Төлеби ауданы, Тасарық ауылдық округінде Әуезов және Ерназаров көшелерін «Есіктен есікке» акциясы аясында аралап, ауыл тұрғындарымен үгіт – насихат жұмыстарын жүргізіп, алдағы сайлауда “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

