"ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ" акциясы
Үгіт - насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру бойынша аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жүгенбаев Қуандық "ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ" акциясы аясында Сенек ауыл тұрғындарының үйлерін аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында қызметкерлердің мәселелерін тыңдап, партияның сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, алдағы 10 қаңтар күні өтетін сайлауда Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
