«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Ғ. Елшібаев, Ә.Әміралиев және Төлеби ауданының мәслихат депутаттығына үміткерлер Н.Қойбағаров, Е.Жабаев, А.Омаров, Ғ.Нұрмаханова, А.Жандарова, Г.Қарабаева, А.Шырынбек «Nur Otan» партиясына қолдау көрсетуге шақыру үшін Қасқасу ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, партия бағдарламасын түсіндіріп, үгіт – насихат материалдар таратылды. Онда жекелген отбасы мүшелерімен кездесіп, «Таза ауыз сумен қамтимыз» атты Төлеби ауданы бойынша

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Қазіргі таңда Төлеби ауданында 55 елді мекеннің 54 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етілген (96,4%, яғни 109430 адам). Ауыз су жүйелерінің жалпы ұзындығы 929,9 шақырым (тозуы 399,8 ш.қ. немесе 43 %).
Біз 2025 жылы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отырмыз.
Бұл үшін «Nur Otan» партиясы бүгінгі таңда ауыз су жүйесімен қамтылмаған: Жаңакүш елді мекенінің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеп, құрылысын жүргізуге; 22 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су құбыры құрылыстарын қайта жаңартуға (Зертас, Керегетас, Жаңажол, Нысанбек, Бейнеткеш, Алатау а/о Көктерек су тазалау, Диханкөл, Ынтымақ, Екпінді, Қосағаш, Қорған, Шұбарағаш, Жаңатұрмыс, Біркөлік, Аққұм, Жоғарғы Қасқасу, Ақбастау, Ұйымшыл, Абай, Әңгірата, Ұзынарық, Алшалы) ықпал етеді.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай аудан тұрғындары сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз етілетінін үміткерлер атап өтті.
Өз кезегінде үміткерлер алдағы саяси науқанда билік партиясына барынша қолдау білдіріп, жерлестерін бірауыздан дауыс беруге шақырды.
