"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ
«Nur Otan» партиясы – халықтық партия. Ел ертеңіне бейжай қарай алмайтын партия. «Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутатығына үміткер Тұрғанбаев Берік Мыңжанұлы партиямыздың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау, туған елімізбен бірге партиялар арасында көшбасшы болып, еліміздің өркендеп дамуына үлес қосып келе жатқан “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақыру мақсатында 2020 жылдың 21 желтоқсан күні Абай елді мекенінде еңбегінің зейнетін көріп отырған ауыл ақсақалдарымен "Есіктен есікке" акциясы аясында Созақ ауданы 'NurOtan' партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген 7басты басымдық бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында кездесу өткізді.
"Елдің әлеуметтік жағдайы күннен-күнге жақсарып жатыр. Болашаққа күдікпен емес, үлкен үмітпен қарауымыз да бүгінгі сарабдал саясаттың жемісі" деген Абай елді мекенінің тұрғыны, ауыл қариясы Тұрғанбаев Пердеш, еңбек ардагері Сейсенбеков Керімбек, зейнеткер Төребеков Қабылбек пен Ибраева Дәрікүл, елді мекеннің ардагерлер кеңесінің төрағасы Шалмағабетов Мүсірәлі сында ауыл қариялары алдағы сайлауда сәттілік тіледі.
Алдағы 2021 жылдың 10 қаңтар күні өткізілетін сайлауға түгел қатысуға шақырды. Сізбен бірге жақсы нәтижелерге қол жеткізетінімізге сенеміз деген тілек білдіреміз!
