"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ
Қазақстан Республикасы Мәжіліс депутаттығына кандидат Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы Берген ауылында «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындардың үйіне барып «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сонымен қатар партияның алдағы 5 жылда жүзеге асыратын бағдарламалық жобаларын кеңінен айтып өтті. Ерікті жастар тарапынан үгіт-насихат үнқағаздары таратылды.
