"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ
Бүгін "Nur Otan" партиясы Созақ аудандық филиалының бекітілген кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мәлікайдаров Серғали Өмірзақұлы"Есіктен есікке" акциясы аясында Шолаққорған, Жартытөбе ауылдық округтерінде үй-үйді аралап, сайлауалды насихат жұмыстарын жан-жақты жүргізді. Тұрғындармен емен-жарқын дидарласып, партияның алдағы бес жылға жоспарланған бағдарламасымен таныстырып, ауыл азаматтарының талап-тілектерін тыңдады. Кездесу барысында ауыл тұрғындары коронавирус пандемиясы кезінде үкіметіміз бен еліміздің жетекші партиясы халықпен бірге болып, әлеуметтік қолдаулардың барлық түрін көрсеткенін айтып, шексіз риза екендерін жеткізді.
#Nur Otan
#Bizbirgemiz
