"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ
"Nur Otan" партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Кенжебаев Ахан, Базарбай Еркін, Серәлі Нарбота, Тәжібаева Ұлжахан, Нұрмағанбетов Әлімбек, Құрманбаева Гүлзат, Жылқыбаев Батыржан Бұқарбай батыр ауылдық округінде «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Үміткерлер Қазақстанның жеткен 7 ең басты жетістігі мен партияның атқарған айтулы істерін насихаттап, тұрғындарды таңдау жасауда жаңылмауға шақырды.
«Партияның басты мақсаты әрбір қазақстандыққа жайлы өмір сүруге жағдай жасау. Баршаға тең мүмкіндік ұсыну. Осы орайда, партияның алдағы 5 жылға ұсынып отырған бағдарламасының нәтижесін барша ел-халық көрсін десек, саяси науқанда "Nur Otan" партиясына сенім артуларыңызға болады» -деді үміткерлер.
Партияның жеткен жетістіктеріне куә болып жүрген тұрғындар алдағы сайлауға қатысып, дұрыс таңдау жасайтындарын жеткізді.
#NurOtan
#NurOtanДауысбер
#NurOtanменбірге
#жеңімпазбол
#ЕсіктенЕсікке
#ГолосуйЗаNurOtan
