"Есiктен есiкке" акциясы
"Есiктен есiкке" акциясы аясында облыстық мəслихат депутаттығына үмiткерлер: Гүлдариға Амандықова, Жаңылсын Оразғалиева, Рада Серикова Долин ауылының тұрғындарына үгiт-насихат жұмыстарын жүргiздi.
Таяуда ғана кɵгiлдiр отынмен қамтылған Долин ауылының жұртшылығы аудан, округ əкiмдiгiне ризашылықтарын бiлдiрiп, алғыстарын жаудырды. Үміткерлерге аматтарын да жеткізді, ол – ауыл ішіндегі жолдардың жөндеуді жалғастыру, көп балалы отбасылардың жәрдем ақыларын көтеру және де үйді газдандыру, ғаламтор қосу секілді жеке сұрақтарын да айтты.
Акция барысында тұрғындарға "Nur Оtan" партиясының стратегиясы мен тұжырымдамасы, сайлауалды бағдарламасы түсiндiрiлдi.

