"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ
"ЕСІКТЕН ЕСІККЕ" АКЦИЯСЫ
«Nur Otan» партиясынан Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Залмуканов Т.Д., Шканов Б.Е., Исмагулов Р.Т., Голубева С.Н., Ислямов Г.К. қатысуымен «Есіктен есікке» акциясы аясында Погодаев ауылдық округ тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.
Тұрғын үйлерді аралау кезінде тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп, 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөнінде айтты.
Тұрғындардың өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құлықты екендерін жеткізді.
Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
