«Nur Otan» партиясы Маұнайлы аудандық филиалының бекіткен іс-шара жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер, С.Мусабаев бүгін «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы аясында Маңғыстау ауылы Шапағат, Қашаған көшелерінің тұрғындарымен кездесті.
Шара барысында «Nur Otan»-дықтар сайлауалды бағдарламамен таныстырып, партияның назарынан тыс қалмайтын әлеуметтік, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік салаларында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.
Тұрғындармен тілдесіп, ұсыныстарын тыңдады. «ЕСІКТЕН-ЕСІККЕ» акциясы барысында айтылған әрбір ұсыныс пен пікір жеке бастың емес, қоғамның, елдің мүддесіне арналды.
Шара соңында үміткерлер жұртшылықты «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге, жарқын болашаққа бірге қадам басуға шақырды.
Ерікті жастар үгіт насихат үнқағаздарын таратуда өз үлестерін қосты.