ЕСІКТЕН ЕСІККЕ АКЦИЯСЫ
Қазығұрт ауылында «Nur Otan» партиясының «Есіктен есікке» акциясы өтті. «Nur Otan» партиясының Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер С.Ертаев, Қазығұрт аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Д.Көбеев, А.Құрбан, З.Досанбаева, Е.Аманқұлов үй-үйді аралап, сайлаушылардың хал-жағдайымен танысты.
Сонымен қатар сайлаушыларға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген басымдықтар мен бағыттарды айқындап, «Nur Otan» партиясы Сіздердің үміттеріңізді ақтау үшін, барлық топтағы халықтың мүддесін қорғау үшін және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын болу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды деді. Барлық сайлаушыларға сәттілік тілеп, өздерінің жылы-жылы лебіздерін арнады.
«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының баспасөз қызметі.
