Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕСІКТЕН ЕСІККЕ

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Габит Шаудирбаев сенімді өкілдері Шынаргүл Нуриллина және Марал Ізтұрғановамен "Есіктен есікке" акциясы аясында Таушық ауылының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Партияның "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты сайлауалды бағдарламасын және аудандық филиалдың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Тұрғындар тарапынан дәрігерлік амбулатория және ашық спорт алаңдарын салу сынды сұрақтар келіп түсті. Аудандық сайлауалды бағдарламаның Әлеуметтік бағдарланған аудан атты бағытында «2022 жылы Таушық ауылынан дәрігерлік амбулаториясын салуға» және спорт алаңы бойынша осы бағытта қамтылған, бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау мақсатында «2024 жылы Ақшұқыр, Сайын Шапағатов, Баутин, Таушық, Қызылөзен ауылдарынан стрит-воркаут және 5 ашық спорт алаңдарын салу» жоспарланған.

"Nur Otan": Бюллетенде екінші! Өмірде бірінші!"

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
232

Еще по теме

ЕСІКТЕН ЕСІККЕ - Yvision.kz