ЕСІКТЕН –ЕСІККЕ
Кіші баласы ерекше күтімді қажет етеді. Сондықтан, аудан орталығынан балаларды сауықтыруға арналған оңалту орталықтары, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар балалардың аяққа нық тұрып кетуіне көмек беретін «жылқы терапиясы»( иппотерапия) әдісімен емдеу болса деген өтінішін айтты.
Берікқали ағамыз, мені Бұлан өзеніне алып барып, малдың суы да тапшы екенін көрсетті. Өз нәпақаларын малдан тауып отырған ауыл тұрғындарына су мәселесі шешілсе екен деген аманаты болды. Алдағы сайлауға сәттілік тіледі. Өздері де 2021 жылы 10 қаңтарда өз таңдауын жасайтынын айтып жеткізді.
