Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Конференция жұмысына аудандық партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, аудан мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысына филиал төрағасы Арман Кәрімұлы Өтеғұлов төрағалық етті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

1.Партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы;

2.Партияның аудандық филиалының Саяси кеңесі мүшелерін сайлау туралы;

3.Партияның Батыс Қазақстан облсытық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау туралы.

Бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясының Теректі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Ибраев баяндамасы тыңдалды. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітіліп, Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына 5 делегат сайланды.

Сонымен қатар кондеренция делегаттарының қатысуымен жаңадан құрылған Саяси кеңестің ұйымдастыру отырыс өткізіліп Саяси Кеңес Бюросының құрамы бекітілді.

Қорытынды сөз алған «Nur Otan» партиясы Теректі аудандық филиалының төрағасы А.Өтеғұлов алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың маңыздылығына жан-жақты тоқталды.

Конференция күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

0
0
267

Еще по теме

ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ - Yvision.kz