Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ .

«Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының кезекті ХХVII есеп-беру сайлау конференциясы онлайн форматында өтті.

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, аудан мәслихатындағы депутаттық фракцияның мүшелері, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Конференция отырысына филиал төрағасы Айтмұхамбетов Қалияр Шадиярұлы төрағалық етті. Конференцияда келесі күн тәртібіндегі мәселелер қаралды:

1.Партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы;

2.Партияның аудандық филиалының Саяси кеңесі мүшелерін сайлау туралы;

3.Партияның тиісті аймақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау туралы.

Бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясының Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Нысанбаеваның баяндамасы тыңдалды. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітіліп, Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына 5 делегат сайланды.

Қорытынды сөз алған «Nur Otan» партиясы Ақжайық аудандық филиалының төрағасы Қ.Айтмұхамбетов алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың маңыздылығына жан-жақты тоқталды.

Конференцияда күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

0
0
113

Еще по теме