Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Конференция жұмысына партияның Бөрлі аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Jas Otan» Жастар Қанатының мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.Конференция отырысына филиал төрағасы Сатқанов Миржан Мұнайдарұлы төрағалық етті. Конференцияда келесі күн тәртібіндегі мәселелер:

1.Партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері турлы ;

2.Партияның аудандық филиалының Саяси кеңесі мүшелерін сайлау туралы;

3.Партияның тиісті аймақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау туралы.

Бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясының Бөрлі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Махауова баяндама жасады .Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітіліп, Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына 5 делегат сайланды.

Қорытынды сөз алған «Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалының төрағасы М.Сатқанов алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың маңыздылығына жан-жақты тоқталды.

Конференцияда күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

0
0
149

Еще по теме

ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ - Yvision.kz