Есболат Алтынай
Ұлы Отан соғысы басталып, сол жылғы 26 шілдеде ерекше режимдегі поезд құрамымен, бір топ замандастарымен бірге майданға аттанады. Алтынай апа сол поезд құрамымен Германияға дейін жетіп, талай тамұқ отынан өтеді. Поезд құрамын бірнеше рет жау самолеттары бомбалап, жолдарын істен шығарады. 1946 жылы сол поездбен бірге елге аман-есен оралады. Соғыста оқ пен оттың астында қалғаны да бар. Днепр өзенінің теміржол көпірін бораған оқтың астында жүріп қалпына келтіруге қатысады. Ол бас қолбасшының ерекше тапсырмасы бойынша іске асады. Алтынай Жайнаққызы сол поезд құрамында неміс жеріне еніп, ажалдан аман оралып жүреді. Поезды жау жағы бірнеше рет бомбалап, болат жолды бүлдірген кездері де болды. Бірақ, ауыр составты қаймықпай жүргізіп, мақсатты нүктеге жеткізе біледі. Сондай бір сапарда 12000 немісті конвойлап тасығаны әлі де есінде екен. Бұл аса үрейлі, сонымен біргежауапты тапсырма болатын. Осы міндетті мінсіз атқарған, Отан үшін жанын пида ету- ден тайынбаған қазақтың талдырмаш бойлы қызы Алтынай майдандағы ерліктері үшін«1-дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ударник Сталинского призыва» төсбелгісімен,«Еңбектегі ерлігі үшін» және көптеген жауынгерлік, еңбек майданындағы медальдарымен марапатталған. Бейбіт еңбекте де Алтынай апа өзі еңбек жолын бастаған теміржол сала- сындақосағы Данабек екеуі зейнеткерлік демалысқа щыққанға дейін жұмыс істейді.Олар төртбала тәрбиелеп өсірген. Қазір 6 немеренің әжесі, Алматы облысының Құрметті азаматы. #ардагерлердіардақтайық
