Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕРЛІГІ ЕЛГЕ МҰРА - ҰРПАҚҚА ҰРАН

«AMANAT» партиясы Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің өмірбаяны мен олардың ерлігі туралы мәліметтерді қамтитын жарияланымдар бойынша «Qaharman» челенджін ұйымдастыруды қолға алды.

Осыған байланысты мен қазіргі аудандағы көзі тірі жалғыз соғыс ардагері Жұмағали Нәсіпқали атамыз туралы деректерді қалың оқырманға қайыра ұсынбақпын.

Жалпы, Орда аудандық әскери комиссариаты арқылы 1941-1945жж. соғысқа 4613 – адам алынған. Олардан елге 3028 адам оралмаған. Оның 2963-і қатардағы жауынгерлер мен кіші командирлер, 651-і офицерлер. Олардың қатарында Нәсіпқали атамыз да бар.

ЖҰМАҒАЛИЕВ НӘСІПҚАЛИ (1926 жылы Талап ауылында дүниеге келген.) Білімі – арнаулы орта. 1942-1944 жж «Жетекші» колхозында жылқышы. 1944 ж. қазан айында Совет Армиясы қатарына алынып, Чкалов қаласы маңындағы Тоцк жаттығу лагерінде 3 ай соғыс тактикасына жаттығып, запастағы 13-атқыштар дивизиясының 265-полкі құрамында майданға аттанды. Шығыс Пруссияның Селенсиг станциясында тұрған Қызыл Тулы 5-Орал дивизиясының Қызыл Тулы 142–атқыштар полкінде І–Белоруссия майданы бағытында Одер, Шпрее өзендері бойындағы ұрыстарға қатынасты. Берлин операциясында Берлин қаласы арқылы Эльба өзеніне дейінгі жерлердегі шайқастарға қатысып 1950 жылы елге оралды. 1950-1952 жж. Ноғайбай а/с. 1952-1953 жж. Сайқын ауылында клуб меңгерушісі, 6 ай кітапхана курсының тыңдаушысы. 1953-1962 жж Сайқын а/с Қызыл отау меңгерушісі. 1962-1964 жж М.Мәметова с/з веттехник. 1964 ж Күйенгүл совхозында ферма меңгерушісі. 1964-1989 жж. Орда с/з веттехник болған. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» т.б. мерекелік медальдарымен марапатталған. Бөкей ордасы ауданының «Құрметті азаматы» (2015ж).

Адамзат тарихындағы қасіретке толы зұлмат соғыстың аяқталғанына биыл – 77 жыл толады. Отан үшін оққа кеудесін тосқан ата-әжелеріміздің ерлігін ұмытпау, бүгінгі бейбіт өмірді ұрпаққа аманат ету біздің перзенттік парызымыз. Бүгінгі ұрпақ аға буын-ардагерлер танытқан қаһармандық пен қайсарлықтан үлгі алып, бой түзейді. Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек.

Уақыт өз дегенін жасайды. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Ауданның "Құрметті азаматы", майдангер Нәсіпқали атамыз сұм соғыстың нағыз қаһарманы.

Ұлы Жеңістің авторлары – майдангерлерімізді сыйлап, құрметтеу, оларға қамқорлық жасау басты борышымыз. Бастысы қазыналы қарттарымыз аман болсын!

Исатай Құрмашев - «AMANAT» партиясы Бөкей ордасы аудандық филиалының атқарушы хатшысы

#Qaharman

#AMANAT

0
0
289

Еще по теме

ЕРЛІГІ ЕЛГЕ МҰРА - ҰРПАҚҚА ҰРАН - Yvision.kz