Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕРЛАН Диана Ерлановна

Мен өте жақсы оқуға тырыстым, олимпиадаларға жиі қатысып, ең негізгілерінің бірі 3-ші орын иеленген Мәскеудегі Халықаралық математика олимпиадасы болды. Сол кезде Мен алғаш рет Мәскеуге жол тартып, Қазақстанның атынан барған қатысушылармен, 3 тәулік бойы пойызбен жеткен болатынбыз. Өскемендегі атақты № 38 мектеп-гимназиясын "Алтын белгіге" бітіріп , мен Г.В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық Академиясына жалпы экономика факультетіне түстім. Алты айдан кейін мен бірінші сессияны автоматты түрде тапсырып, Plekhanov Халықаралық бизнес мектебінің арнайы іріктеуге қатысуға бел будым. Осы оқу орнында оқыту ағылшын тілінде өткенімен, сонымен қоса испан және неміс тілдерін үйрендім. Екінші курста Францияда қос диплом жүйесі бойынша оқуға конкурстан өтіп, сонымен бір мезгілде Ұлыбританияда оқуға "Болашақ" Президенттік стипендиясының иелендім, бірақ тағдырдың қалауымен мен жолдасыммен тұрмыс құрып, Мәскеуде қалдық, бірақ одан әрі білім алуға деген үлкен ықылас қалды. Оқу орнымды қызыл дипломға бітірген соң, мен армандаған университеттер - London School of Economics and Political science ( LSE) және Boston University магистратураға шақыру хаттарын алып, екі рет "Болашақ" стипендиясын иеленген болатынмын. Алдағы уақытта еске алып тұру үшін шақыру хатын сақтап, нәтижесінде күйеуіммен, бірінші баламызбен Қазақстанға оралдық. Ата-аналарымыз Шығыс Қазақстан облысында бір отбасында тәрбиеленген балалардың барлығы "Болашақ" стипендиясының иегерлері атанғанын мақтан тұтатыны есімде. Айта кетсем, арман қуып мен Назарбаев Университетінде Duke University, Fuqua Business School-мен бірге Executive MBA дәрежесіне қол жеткіздім. Ол кезде мен 4 баланың анасы болдым, ең кішісі модульдер арасында дүниеге келіп, екі айлығында менімен бірге Солтүстік Каролинадағы Duke модульдеріне Штаттарға ұшып кетті. Мен банк саласында жұмыс істедім, содан кейін кәсіпкерлікпен айналыстым. Декреттік демалыс кезінде мен қайырымдылықпен айналыса бастап, игі істі осы күнге дейін жалғастырып келемін. Осы кезеңде мені Благотворительный фонд Kzhol қайырымдылық қорының қамқоршысы , әрі қарай Бақытты Отбасы мүшесі болуға ұсыныс алдым. Мен осы істің жаныма жақын екенін түсініп, ең бастысы, шынайы жүйелік нәтижелер мен өзгерістерді көріп отырмын. Менің ойымша, бір постта біз Кеңесте және Қорда қандай жұмыс атқаратынымыз туралы айтып беру мүмкін емес. Жалпы, мен спортқа жақын бала емес едім, бірақ балет пен хореография сабақтарына қатыстым, және осы үшін анама алғыс айтамын. Мәскеу маған көп нәрсені үйретіп, бұл қаланы өте қатты жақын тартатын болдым, және халықаралық достармен таныстырды: орыстар, дағыстандықтар, армяндар, грузиндер, қалмақтар, еврейлер, татарлар. Айтпақшы, дәл сол жерде Жоғары математика пәнінің ең үздік мұғалімі Александр Абович болды. Қысқаша жазуға тырыстым, бірақ бәрібір ұзақ пост болды) Мен сіздердің пікірлеріңіз бен сұрақтарыңызды күтемін, достар! Ал сіздердің қандай қызықты сәттеріңіз болды?

0
0
334

Еще по теме

ЕРЛАН Диана Ерлановна - Yvision.kz