ЕРКІН НҰРЖАНОВ "НҰР ОТАНМЕН" БІРГЕ
Дәурен Турдалиев «Nur Otan» партиясы атынан Төлеби аудандық мәслихатына депутаттыққа үміткер ретінде үгіт-насихат жұмыстарына атсалысып жүр. Оған сенім білдіріп, қолдап жатқан партияластарына, жерлестеріне шынайы алғысын білдіреді.

Күні кеше ол қазақтың мақтанышы, қоңыр дауысты, талантты әншісі, айтыскер ақын Еркін Нұржановпен кездесті. Өнерде өресі биік Нұржан Дәурен Тұрдалиевтің саяси науқандағы жұмыстарымен танысып, сәттілік тілеп, ақжарма тілегін айтып, барша төлебиліктерді 10 – қаңтар күнгі сайлауға бір кісідей қатысуға шақырды.
