Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЕРІКТІЛЕР МЕКТЕБІ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ.

"Жас Отан" ЖҚ Алматы облыстық филиалының ұйымдастырымен «Жастар-Отанға!» жобасы аясында «Еріктілер мектебі» бағытын жүзеге асыру мақсатында жастарымызды әлеуметтік тәжірибеге жұмылдыру және өз еркімен жігерлілік танытуды дамыту қолға алынып отыр. Осыған орай елордамыз Астанада өтетін Экспо-2017 «Болашақтың қуаты» бағдарламасы аясында, Талдықорған қаласында «Еріктілер мектебі» атты семинар-тренинг өтті.

Өте өзгеше бағытта, ашық асапан аясында «Айсу» демалыс орында болған семинарға Талдықорған қаласының белсенді жастары қатысып, арнайы шақырылған тренер, ағылшын тілінің мұғалімі Динара Қалдыбаеваның сабағын тыңдады. 2 сағатқа жуық өткен семинарда жастар белсенді атсалысып, өз ойларын айтып, жастар үшін өткізілген шара қатысушылардың көңілінен шықты және семинардың ерекшелігіне тәнті болған жастар өздерінің білім қоржындарын толықтыра түсті. Семинар соңында Агротехникалық колледжінің сдуденті Мирас Самиев, Экспо-2017 көрмесіне байланысты өзінің жаңа идеясымен бөлісіп: – «Ашық аспан астында бірінші рет семинар-тренинг өткізіліп отыр. Бұл өте қуантарлық жағдай, себебі жастарға деген ерекше тәсілдеме тауып, жастарға дем беріп, жаңа ой тасатыңыздар. Болашақта осындай игі шаралар жиі болып жастарға араналған сабақтар болып тұрса екен дейміз және де мен Экспо-2017 көрмесіне қатысып, өзімінң жұмысымды танысытырып ел өркендеуіне үлес қосқым келеді» - деп сөзін аяқтады.

 
0
0
832

Еще по теме

«ЕРІКТІЛЕР МЕКТЕБІ» АТТЫ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ. - Yvision.kz