Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ЖАНДАР ҮШІН МАМАНДЫҚТАР АТЛАСЫ ЖАСАЛАДЫ

«Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында 22 мың әлеуметтік инфрақұрылым нысанына ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін бейімдеу жұмысы жүргізіледі.

Атап айтсақ, ең алдымен ғимараттар пандустармен қамтылады. Бейімделген лифт пен дәретхана, зағип жандарға бағыттаушы белгілер қойылады.

Оған қоса ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмыспен қамту, психологиялық және құқықтық көмек көрсету орталықтары ашылады. Олар өздеріне ыңғайлы жұмысты таңдауы үшін Мамандықтар атласы жасалады. Жұмыс орындарын ашуға бағытталған өтемақы төлемдері енгізіліп, 2025 жылға қарай жұмысқа орналастыру 30%-ға өседі. 1-ші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде қосымша әлеуметтік жердемақы беріледі.

Бұл туралы Yessenov University-де өткен жиында айтылды. Шараға облыстық сайлауалды штаб мүшелері қатысты.

0
0
128

Еще по теме

ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ЖАНДАР ҮШІН МАМАНДЫҚТАР АТЛАСЫ ЖАСАЛАДЫ - Yvision.kz