Ерденова Камалмен кездесу
«Instagram» әлеуметтік желісінде 05.01.1926 ж.т. азаматша Ерденова Камалға жасына байланысты зейнетақы алмағаны бойынша көмек көрсету туралы жарияланымдарды орналастыруға байланысты 2019 жылы 19 сәуірде «Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті» РММ-нің мамандары А.А. Әбдіқадырова - №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы, Ә.Р. Айтуарова - әдеп жөніндегі уәкіл Қостанай қалалық ҰОС ардагерлер кеңесінің өкілімен бірлесіп Ерденова Камалмен және оның немересі Айсұлумен олардың тұру мекенжайы бойынша кездесті. Кездесу барысында жасына байланысты зейнетақы мен базалық зейнетақы төлемін ресімдеу тәртібіне қатысты түсініктемелер берілді. Ерденова Камал мен Айсұлудың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.
