Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕР ЕСIМI ЕЛ ЕСIНДЕ!!!!

Адамзат тарихындағы ең алапат соғыстағы Ұлы Жеңiске бiздiң халқымыз өшпес үлес қосты. Майданға аттанған 1 миллион 200 мың жерлесiмiздiң тең жартысы ерлікпен қаза тапты. 500-ден астам Қазақстандық "Кеңес Одағының Батыры" атанды. Соғыс жылдарында бүкіл халқымыз тыл жұмысына жұмылып, жеңiстi жақындатуға еңбек сіңірді. Хас дұшпанға қарсы атылған әрбір он оқтың тоғызы қазақ жерінде жасалды. Сондықтан да аталарымыз ерлiгi, әжелерiмiздiң еңбегi ұрпақ жадында мәңгі сақталады.

Ерен еңбегі мен қажырлы еңбектерiн ұлықтау мақсатында Аудандық маслихат депутаты Гүлбарам Лұқпанова "Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында барлық санитарлық нормалар сақтай отырып, Қараөзен ауылының тұрғыны, тыл ардагерi - Ахметжанов Ғалымжан ата шаңырағында болып, атамызды мамыр айында қатар келген Отан қорғаушылар күні және Жеңістiң 76 жылдығымен құттықтап, дәруменді жеміс-жидектер салынған қоржын табыс етті..

#NurOtan

#Qaharman

0
0
131

Еще по теме

ЕР ЕСIМI ЕЛ ЕСIНДЕ!!!! - Yvision.kz