ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ КҮНІ
Бүгін Қызылоба ауылдық округінде ,,Энергия үнемдеу "атты шара өтті.Энергия үнемдеу туралы қызықты мәліметтер тараттық.Яғни өз қаражатыңызды басқарып, үнемі тексеріп отырамын деп шешсеңіз, сізге барынша үнемшілдікке үйрену керек болады. Үнемдеуді ең алдымен, үйіңізден бастаңыз. Себебі, үйіңізде сіздің отбасылық бюджетіңізді «жұтатын» құрылғылар өте көп. Ай сайын электр қуатына кеткен ақшаны төлеген кезде қымбатқа шығып кететін болса, біздің қарапайым кеңестерімізге құлақ түріңіз.
Энергия үнемдеудің ең қарапайым жолы — күнделікті қолданып жүрген лампаны энергия үнемдегіш түріне ауыстыру. Әрине, бағасы сәл қымбаттау келеді. Десе де, ұзақ өмір сүреді. Неге олай десеңіз, аталған үнемдегіш лампа аса қызбайды, сол себепті энергия тек жарықтандыру үшін ғана кетеді. Негізінен, ол лампалар үш жылға дейін шыдайды. Өзіңіз есептеп көріңіз, бір жылда сіз қарапайым лампаны неше рет ауыстырасыз?
📷Әрине бұл ойланатын сұрақ📷
Теледидар, компьютер сынды құрылғылар күніне бірнеше сағат қосылып тұрады. Яғни, қосылып тұру деген кезде барлығымыз оны пайдаланған сәтімізді ғана айтамыз. Батырманы басып, өшірген соң ол жұмысын тоқтатады деп ойлаймыз. Ал, негізінде тоқтан өшірілмеген құрылғы бұрынғысынша қосылып, энергияны жей береді. Сол себепті тыңғылықты өшіріп қойғаныңыз өзіңізге жақсы. Бір жағы осы болса, екінші жағынан — қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.📷📷📷
