ЕЛТЕШ АҒАМЫЗДЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА
Батыр ауылында облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар К.Ешманов, А.Салманов, М.Себасов, және Мұнайлы аудандық мәслихат депутаттығына кандидат А.Мырзағалина ауылдың тұрғыны Амантұрлы Елтеш ағамыздың шаңырағында болдық. Кездесуде кандидаттар сайлауалды бағдарламалармен таныстырып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басым бағыттар туралы баяндады. Алдағы сайлаудың абыройлы өтуіне тілектестік білдірген ағамыз ақ батасын беріп, сайлауға сәттілік тіледі.

