Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЕЛІНЕ ТҰТҚА БОЛҒАН ЕЛБАСЫ»

Бүгін аудандық орталықтандырылған кітапханада еліміздің Тұңғыш президенті Елбасы күніне орай «Еліне тұтқа болған Елбасы» атты мерекелік іс-шара өтті. Жиында «Еліне тұтқа болған Елбасы» атты кітап көрмесі, құнды құжаттар мен елбасы өмірінің әр кезеңінен дерек беретін фотоматериалдардың таныстырылымы болды. Елбасы өмірі мен елге сіңірген ерен еңбегін насихаттайтын бірқатар кітаптар жеке-жеке таныстырылды. Сондай-ақ, Елбасының өзі жазған кітаптар мен «Елбасы сүйген Оңтүстік» атты кітап оқырман назарына ұсынылды. Іс-шара барысында аудан өнерпаздары «Арша» триосының әншілері музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен «Үшқоңыр» әнін шырқады. Шараға келген қонақтар Елбасының нағыз көсбашы екенін жеткізіп, алғыс білдірді.

0
0
142

Еще по теме

«ЕЛІНЕ ТҰТҚА БОЛҒАН ЕЛБАСЫ» - Yvision.kz