Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН ӘРБІР ТҰРҒЫН ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУЫ МАҢЫЗДЫ

Түркістан облысытық қоғамдық штаб мүшесі Мәлік Жұмаханұлы мен Созақ аудандық «AMANAT» партиясының атқарушы хатшысы Жартытөбе ауылының тұрғындарымен Жартытөбе мәдениет үйінде кездесті.

Ауыл тұрғындарымен жүздесіде барысында Қ.К.Тоқаевтың президенттікке үміткер ретінде алға қойған ауқымды міндеттері жайлы баяндап, "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін" атты сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріп, ұсынып пікірлерін тыңдады.

«Ауыл шаруашылығы саласын қарқынды дамыту көзделуде. Бұл бойынша алдағы 3 жылда ауқымды жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығына бөлінетін қаржы 1 триллионға жеткізілмек. Мұның бәрі – ауыл тұрмысын жақсартуға жасалған қадамдар» - деді Мәлік Жұмаханұлы.

Сонымен қатар кандидаттың сайлауалды бағдарламасында көрсетілген ауылдық жерлерді дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.

«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында жерді ауыл тұрғындарына қолжетімді ету мәселесі көтеріледі. Ол үшін ірі жер иелерінен пайдаланылмайтын жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жандандырылады. Сондықтан да жарқын болашақ үшін, дұрыс таңдау жасауымыз керек», - деді Ернар Құралбекұлы

Кездесу соңында ауыл тұрғындарын Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан» құру бастамасын қолдап, оны іске асыруға оң көқараспен қарап, алдағы келе жатқан сайлауға қалыс қалмай бірауыздан дауыс беруге шақырды.

0
0
173

Еще по теме

ЕЛІМІЗДІҢ ЕРТЕҢІ ҮШІН ӘРБІР ТҰРҒЫН ДҰРЫС ТАҢДАУ ЖАСАУЫ МАҢЫЗДЫ - Yvision.kz